ЖСДП мүшелері көкшетаулықтармен кездесті
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа үміткерлердің сапары Көкшетау қаласында жалғасты. Саяси ұйым өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Олардың арасында ауыл шаруашылық және өндіріс салаларының еңбеккерлері бар. Қалаға қарасты бірқатар елді мекендегі азаматтар да шаһар орталығына келіп, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, әлеуметтік мәселелерге тоқталып, қазіргі медицинадағы проблемалар талқыға салынды. Партия мүшелері өз кезегінде аталған жағдайлардың шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Сондай-ақ тұрғындарды алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды.
Ілияс Жанғали, ЖСДП мүшесі:
-Әлеуметтік, тұрмыстық бағдар бойынша сұрақтар қойылды. Ол әлеуметтік саласындағы ең өзекті мәселе болды. Сол мәселелер бойынша бүгінгі жиында өте ауқымды, жоғары деңгейде іс-шара өткізілді.