«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Абай облысында жалғастырды
Саяси ұйым өкілдері жергілікті тұрғындарымен жүздесті. Ағайынның айтарын тыңдап, қойылған сұрақтарды шешу жолдарын талқылады. Семей қаласында қоғамдық жолаушылар тасымалында әлеуметтік маңызға ие 40 бағыт бар. Үш автопарк жұмыс істейді. Депутаттыққа кандидаттар шаһардағы бірқатар қоғамдық көлікке отырып, жолаушыларымен әңгімелесті. Семейліктердің сайлауға деген көзқарасын біліп, оларға саяси науқанның маңызын түсіндірді.
Асылан Ғазизов, қала тұрғыны:
- Сайлау мен үшін Қазақстан экономикасын дамыту және жастардың жарқын болашағы үшін маңызды. Ал енді бүгінгі таңда партия активистерімен наклейкалар жапсырып, жолаушылармен сұхбаттасып, ашық әңгіме жүргізудеміз. Мұндай саяси науқандарды өткізбеуге тырысамын және өзім де дауыс беремін.