Ерлан Қарин: Әдетте билікті сынап жүрген азаматтардың сайлауға түсіп жатқаны олардың реформаға сенімін білдіреді
Ерлан Қариннің пайымдауынша, сайлаудың алғышарты 2022 жылы наурыз айында, Президент өз Жолдауында саяси реформалардың жан-жақты бағдарламасын ұсынғанда қаланды. «Бір жылға жетпейтін уақытта партиялар үшін шынайы бәсекелестік орта қалыптасты», — деп жазды Мемлекеттік кеңесші телеграм парақшасында.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшіcі: «Сайлауға қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділердің көптеп қатысып жатқаны (оның ішінде, әдетте билікті сынап жүрген азаматтар да бар) олардың жүргізіліп жатқан реформаларға сенімі мен қолдауын білдіреді. Елімізде соңғы жылдары орын алған барлық өзгерістерді, барлық жаңашылдықтар мен реформаларды жұртшылықтың қызу қолдап отырғанын халық арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер де көрсетіп отыр. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше, қазақстандықтардың 71,7% еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды».