Сайлаудағы дауыс беру бюллетенінің көлемі А5 қағазына өзгертіледі
Орталық сайлау комиссиясының айтуынша, жаңа бюллетен қолдануға ыңғайлы. Онда 7 партиялық жолақпен қатар «барлығына қарсы» позициясы да қойылған. Ал бір мандатты округтерде кандидаттардың саны 16-дан көп болса, бюллетеннің мөлшері ұлғаяды. Сондай-ақ сайлауалды теледебат күні де белгіленді. Пікірсайысты 16наурызда «Хабар» телеарнасы ұйымдастырады. Өйткені арнаның екі тілдегі аудиторияны қамтуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік бұл тек партиялық тізімге байланысты. Ал мажоритарлық жүйедегі кандидаттардың да өз еріктерімен пікірсайыс ұйымдастыруға құқығы бар.
Анастасия Щегорцова, ОСК мүшесі:
- ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Телеарнаны анықтау бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен кеңес өткізді. Телеарнаның функционалдық техникалық мүмкіндіктері қаралып, сондай-ақ аудиторияны барынша қамту маңызды факторлары болды. Арна бүкіл ел бойынша телехабарлардың кең спекторінде хабар таратады.