Respublica партиясы өкілдері Тобыл өңіріне табан тіреді
Қостанайға келе сала бірден үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кетті. Әуелі ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін кәсіпорынға тоқтады. Жұмысшылармен жүздесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Кездесу барысында агроөнеркәсіптік сала мен отандық машина жасау өнеркәсібін дамытудың маңызы жайында түрлі пікірлер айтылды. «Қостанайлық машина жасаушылар бұл тұрғыда мемлекет тарапынан қолдау қажет», – дейді. Ал партия жетекшілері шетелдік тәжірбиелерді мысалға ала отыраып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар бұл кездесу алғыс айту күнімен тұспа-тұс келгендіктен Respublica партиясы ұжымға отандық өнеркәсіпті дамыту жолындағы ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, алдағы жобаларына сәттілік тіледі.