Хабар телеарнасы

«Байтақ» жасылдар партиясы Сәтбаев қаласында дәрігерлермен кездесті

Мың алғыс саған, ақ халатты абзал жан! «Байтақ» жасылдар партиясы Ұлытау облыстық филиалы мен өңірлік штаб басшылығы Сәтбаев қаласында дәрігерлермен кездесті. Жүздесу аясында саяси құрылым өкілдері қызметкерлерге саладағы адал еңбек пен ерік-жігерлері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар партия тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Алдағы науқанның маңыздылығын түсіндіріп, дәрігерлердің қойған сұрақтарына жауап берді. Қоршаған орта мен денсаулық сабақтастығы төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті. Ұлытау өңірлік штабы қазір кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Партия өкілдері алдағы күндері Қаражал қаласы мен Жаңаарқа ауданы тұрғындарымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Ұлытау облысында Мәжіліс депутаттығына мажоритарлық жүйе бойынша 1 кандидат тіркелген. Мәслихат депутаттығына 3 үміткер бақ сынайды.

Марғұлан Ермағанбетұлы, «Байтақ» жасылдар партиясы облыстық штабының жетекшісі: 
- Жалпы байқағанымыз – халықтың ынтасы үлкен. Сайлауға белсенді қатысуға дайын. Әрине, бұл тұрғыда біз партияның бағдарламасын түсіндірдік, жеткіздік.