Хабар телеарнасы

«Ақ жол» партиясының кандидаттары үгіт-насихат жұмысын Қарағанды облысында жалғастырды

Алдымен өңірдегі ірі өндіріс орнында мамандармен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді. Сондай-ақ қалалық аурухананың дәрігерлеріне де саяси ұйымның бағдарламасы кеңінен баяндалды. Кандидаттар ақ халаттылардың өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Жиында әлеуметтік-саяси мәселелер кеңінен талқыланды. Бизнес бастамалар, кәсіпкерлікті дамыту жайы қозғалды. Сапар соңында ақжолдықтар қала халқымен кездесіп, бағдарламаларын баяндады. Ел-жұрттың сұрақтарына жауап беріп, тарқасты. Партия кандидаттары елдің барлық өңірін аралауды көздеп отыр.