Сайлау 2023: БҚО-да 504 сайлау учаскесі жұмыс істейді
Саяси науқанды өткізуге 4 мыңнан аса комиссия мүшесі атсалыспақ. Аймаққа жұмыс сапарымен барған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров облыстық, аумақтық, учаскелік және округтық сайлау комиссияларының маңызды науқанға дайындығын тексерді. Орталық және жергілікті сайлау комиссияларының алдындағы басты міндет – сайлауды жоғарғы деңгейінде өткізу.
Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Жалпы комиссия қалай жабдықталған? Ақпараттық тақта бар ма? Ол ақпараттық тақтада келген сайлаушыға толық алатын мәлімет бар ма? Сайлау комиссиясының отыратын орындары, соның бәріне назар қойып, егер көзге түсетін кемшіліктер болса соларды жою туралы ұсыныс-пікірлерімізді айтып жүрміз.