Халықаралық байқаушылар сайлауға оң баға берді
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы елдегі сайлау жүйесінің реформасына оң бағасын берді. Бұл туралы ұйымаралық есептерінде жариялаған. Олардың пікірінше, сайлау шегін төмендету, тікелей дауыс беру арқылы толық сайланатын мәжілісті енгізу, партияларды тіркеуге қойылатын талаптарды жеңілдету секілді ережелер халықаралық талаптарға сай келеді.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
-Орталық сайлау комиссиясының сайлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы оң бағаланады. Есепті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ресми сайтынан көруге болады. Сайлау процесін ұйымдастыру бойынша сұрақтар болған жағдайда оларды тікелей Орталық сайлау комиссиясына жіберуді сұраймыз.