«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті
«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Жамбыл облысы сайлаушыларымен кездесулерін жалғастырып жатыр. Іс-шаралар бекітілген кестеге сай, заң аясында жүзеге асырылуда. Өңірлік штаб өкілдері «Жамбыл-су» коммуналдық мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында саяси құрылым тұғырнамасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Таза ауыз су, кәріз жүйесі, тұрмыстық қалдықтар мәселелеріне қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Таразды тіршілік нәрімен қамтып отырған кәсіпорын өткен ғасырдың 50-жылдары құрылған. Қазір мұнда 90 жер асты су ұңғымасы мен 19 су қоймасы бар. Мекемеде 600-ге жуық адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда өңірлік штаб аудандар мен елді-мекендерде 40-тан астам кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстары алдағы күндері жалғасатын болады.
Жанат Шымырбаева, кәсіпорынның бөлім басшысы:
-Партия өкілдері бізбен кездесті. Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Өзімізді мазалап жүрген түрлі сала бойынша сұрақтарымызды қойдық. Кездесу еркін ашық форматта, жақсы өтті.