Қызылордада саяси науқанға дайындық пысықталды
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қатысумен өткен семинар-кеңесте сайлауды қалай ұйымдастыру жайы айтылып, заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Семинардан соң құқықтану мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер сайлау процесінің ерекшелігі, дауыс беру тәртібіне қатысты практикалық ойын көрсетті.
Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
- Әрбір осы сайлау процесіне қатысы бар азамат комиссия мүшесі болсын, сайлаушы болсын, байқаушы болсын немесе сенімді өкіл болсын, әркім заңды білу керек, өзінің құқын білуі керек және пайдалана білу керек.
Мұндай семинар-кеңес Түркістанда да ұйымдастырылып, саяси науқанның ерекшеліктері түсіндірілді. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңадан сайланады. Бұрынғыдай кандидаттар партиялық тізіммен емес, өзін-өзі ұсыну арқылы саяси додаға қатысады. Олардың Парламенттегі мандат үлесі 30%, облыстық мәслихаттарда 50, ал аудандық мәслихаттарда 100% болады. Жалпы Түркістан облысында қазір 941 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 1 млн 168 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Саяси науқанға 1 мың 284 кандидат қатысады.