Respublica партиясының штабы 18 ауылға барды
Respublica партиясы екі бірдей аймақта үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қарағанды облысының халқымен кездескен партия өкілдері оларды алаңдататын мәселелерді тыңдап, ойларын ортаға салды.
Ал Өскеменге жол тартқан Республикашылар әуелі жергілікті кәсіпкерлермен бас қосты. Қатысушылар бизнес, шағын және орта кәсіпті дамыту жайлы пікір алмасты. Партия өкілдері де өз ұсыныстарын айтты. Осылайшы партияның сапары әзірге 18 аймақты қамтып үлгерді.