«Ақ жол» партиясынан кандидаттар Көкшетау қаласында болды
Аймақтағы 1 мыңнан аса адам жұмыс істейтін ең ірі өндіріс орнының жұмысымен танысты. Ұжыммен кездесіп, саяси ұйымның бағдарламасын жеткізді. Партия төрағасы Азат Перуашев бұл 20 жылдан бері нарықта өзіндік орнын айқындаған зауыт екенін атап өтті. Мұнан соң кандидаттар ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауытқа барды. Ондағы еңбек ұжымымен кездесіп, тұғырнамасын таныстырды. Жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді. Бұдан өзге де бірнеше кәсіпорынды аралады.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Өндіріске келсек, бұл жерде бұрынғы кезде кейбір зауыттардың жағдайы шын айтсам қуантып жатыр. Себебі бұрынғы кезде 2-3 цех ғана болатын, қазір қарасақ жаңа цехтар, жаңа өндірістер ашылып жатыр, құрылғылар алып келіп оны да салып отыр.