Хабар телеарнасы

Сайлау 2023: елдің пікірі қандай?

Үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына 1 аптадай уақыт қалды. Үміткерлердің бұл кезеңдегі жұмысы қызу жалғасуда. Тиісінше халық та олардың бағдарламаларымен жіті танысып жатыр. Ал сайлауға деген елдің ендігі пікірі қандай? 

– Кандидаттарды танисыз ба?
- Танимын, көбісін танимын. Әділ Қазақстан болады деп үміттеніп жатырмыз. Сенеміз. Жастардың қолында, жаңа депутаттардың қолында.
 - Дауыс бересіз бе?
- Иә береміз ғой
- Кандидаттарды танисыз ба?
- Жоқ бәрін танымаймын.
- Өзгерістер болады деп ойлаймын. Заман баяғыдай емес. Халық қазір өзінің қажеттіліктерін жеткізе алады.

- Дауыс бересіз бе?
- Қазақстан азаматы болған соң дауыс береміз міндетті түрде.
- Бұрын енді партиялардан түсетін болған. Қазір енді өздері жеке адамдар өздері де түсе алады сайлауға.
-  Үміткерлердің бағдарламасымен танысып үлгердіңіз бе?
- - Жалпы таныстым.
- Қандай үміт күтесіз өзіңіз?
- Халыққа қызмет етсе. Елдің жағдайын арттырса, жол мәселесі халықты қинайды. Ауа райының қолайсыздығына қуаңшылық. Ауылға су қоймаларын салып берсе.
- Парламенттің жаңа құрамынан не күтесіз?
- Қазақстанымыздың болашағы жарқын болатынына мен сенемін!