Хабар телеарнасы

Елімізде шетелдік және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу аяқталды

Сонымен 19 наурыз күні болатын саяси науқанды сырттан келген 793 байқаушы бақылайды. Олардың 131-і 41 мемлекеттен, ал, 662-сі 12 халықаралық ұйым өкілі. Олар еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейді. Бүгінге дейін тіркелген шетелдік байқаушылардың рұқсаты жыл соңына дейін жарамды.