Хабар телеарнасы

ҚХП Алматыда бейбіт шеру өткізді

Демалыс алаңында ұйымдастырылған шараға 500-ге жуық тұрғын қатысты. Саяси ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев партияның сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, флешмоб өткізді. Шаһар іскерлік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде қарқынды дамып келеді. Кандидаттар оның болашақ келбетін жоспарлайтын мекемелердің біріне барды. Мұнда 70 адам жұмыс істейді. Партиялықтар оларға өздерінің бағдарламасы туралы айтып, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Алуа Кетегенова, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ мүшесі:
-Партияның Алматы қалалық филиалы саяси науқан басталғалы 200-ден астам іс-шара өткізді. Оған 25 мың адам қатысты. Мақсатымыз сайлаушыларға өз бағдарламамызды қарапайым тілмен жеткізу. Сол үшін түрлі сала өкілдерімен кездесу ұйымдастырылуда.