Хабар телеарнасы

ЖСДП партиясының мүшелері Жолымбет ауылының тұрғындарымен кездесті

Олар саяси ұйым өкілдерімен тілдесу үшін республикалық штабқа арнайы барған. Азаматтар түрлі салалардағы мәселелерге тоқталды. Бірлестік белсенділері тұрғындарды алаңдатқан сұрақтарына жауап беріп, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жалпы бүгінге дейін депутаттыққа кандидаттар 500-ден астам үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Енді тағы 300 шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мақсұт Насибулов, ЖСДП мүшесі:
-Біздің ЖСДП республикалық штабына ауыл тұрғындары «келсек» деген өтініш білдірді. Кездесу барысында сол ауылдың мәселелері жөнінде айтып кетті. Бұл ауылда 5000 жуық халық тұрады. Олардың көбі ауыл шаруашылығымен айналысады.