Елімізді жазда сайлау науқаны күтіп тұр
Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мәлімдеді. Енді 200-ге жуық аудан, 38 облыстық деңгейдегі қала әкімдері сайланады. Мамандар: «Кезекті жүйе де жаңа тәжірибе, жаңа деңгей алып келеді», – дейді. Өйткені науқан сайын азаматтардың сайлау және сайлана алу құқығы кеңейіп жатыр. Оған бір дәлел – депутаттардың партиялық, мажоритарлық жүйеде анықталуы. Бұл саяси институттар жұмысының жақсаруына әсер етеді. Яғни партиялармен бір мандатты округтерден келген депутаттар арасында да үлкен басекелестік басталады.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
- Парламентке келген депутаттар мынаны ұмытпау керек. Оларды кері қайтару механизмнің қатысы оларға болады. Яғни халық оларға сұрау салады, кездеседі. Егер депутат аймақпен тығыз жұмыс істемесе онда халық депутатты кері қайтара алады. Бұл механизм бірінші рет болады жаңа сайланған Парламент бойынша.