«Ауыл» партиясы Шымкентте мыңға жуық әйелдің басын қосты
Наурыз мейрамы қарсаңындағы ауқымды жиналысқа ақжаулықты аналар мен ауылдық қыз-келіншектер қатысты. Мерекелік шараның өтуіне «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы және «Қазақ аналары - дәстүрге жол» бірлестігі ұйытқы болды. Жиынға мәдениет саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен кәсіпкер әйелдер атсалысты. Олар елді мекенде жеке ісін дөңгелетіп отырған нәзік жандарға әркез қолдау көрсетудің маңыздылығын айтты. Саяси ұйым өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның негізгі тұғырнамасын түсіндірді. Конгресс аясында төл құндылықтар насихатталып, қазақи киім-кешек пен әшекейлер дәріптелді. Қатысушылар қолөнер туындылары мен ұлттық нақыштағы ерекше киім үлгілерін тамашалады.
Айнұр Жүгінісова, «Қазақ аналары - дәстүрге жол» РҚБ жетекшісі
- Осы үлкен аналар конгресін өткізіп жатырмыз. Өздеріңіз көріп отсыздар. Ол қуанышты жайт, әрине. Өйткені ауыл деген кезде елең етпейтін қазақ жоқ. Қазір кеттік десе, ауылға кетіп қалатындай жағдайда тұрмыз расында да.