ҚХП тіл сарайының ұжымымен кездесті
Қазақстан Халық партиясы өз үгіт-насихат жұмысын Жетісу облысында жалғасырды. Бұл жолы кандидаттар Талдықорғандағы тіл сарайының ұжымымен кездесті. Институт, ересектер үшін ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде тегін курстар өткізеді. Жыл сайын 2000-ға жуық адам оқытылады. Саяси ұйым мүшелері орталық қызметкерлеріне партия ұсынып отырған реформалар жайлы жан-жақты айтып берді. Сайлаушылардың тілектерін тыңдады. Жиын барысында қаладағы өзекті мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды. Халық партиясы саяси науқан басталғалы Жетісу өңірінде 100-ден астам кездесу ұйымдастырған. Бұл іс-шараларға 60 мың адам қатысыпты.
Сәнболат Солтанмахмет, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- 8 аудан, 2 қалада қамтыдық, кездесулер өткіздік. Алыс аудан Алакөл ауданында болдық, Ақсу ауданында болдық. Бізде жан саны көп ірі қалалардың бірі Текелі қаласында кездесулер өткіздік. Осылайша облыстың бүкіл аумағын қамтып, Халық партиясының бағдарламасын түсіндірдік.