ЖСДП мүшелері Алматыдағы жеке меншік компанияның еңбек ұжымымен кездесті
Санитарлық-гигиеналық қағаз өнімдерін шығаратын бұл кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыс істейді. Жиынға жүзге жуық азамат қатысты. Депутаттыққа кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Ал кәсіпорын еңбеккерлері өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақ қойып, жауап алды. Жалпы партияның Алматы аймақтық штабында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Саяси ұйым белсенділері бүгінге дейін 80-нен астам үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Облысқа қарасты барлық елді мекенді аралап, тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Қазіргі таңда 50 мыңға жуық парақша таратылып, плакат ілінді. Оған 100-ден аса волонтер жұмылдырылды.