«Ауыл» партиясы Мәртөбе биігінде жиын өткізді
Мемлекеттік саясатты нығайту және ел бірлігін арттыру орны болған қасиетті жерде «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кандидаттар саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндіріп, халықты сайлауға баруға шақырды. Шараға ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар қатысты. Қариялар бата берді. Делегация мүшелері Сайрам ауданындағы басқа да тарихи жерлерді аралап, тәу етті. Бір ай ішінде партияның ұйытқы болуымен 5 мыңнан астам кездесу өткізілді. Оған 800 мыңға жуық тұрғын қатысты.
Әли Бектаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:
- Қазақстан халқы қазір әділетті, ашық мемлекетті құруға бет алған. Сондықтан алдағы сайлау біздің еліміздің болашағы үшін өте үлкен маңызды шара болады деп есептейміз. Сайлаудан кейінгі өмірде де Қазақстан болашағы өте зор болады деп ойлаймын.