Талғат Теменов: Сайлауда алғашқылардың бірі болып дауыс беремін
Еліміздің ертеңі - сіз бен біздің таңдауымызға тікелей байланысты. «Сондықтан 19-наурызда сайлауға барып, Мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткерлерге алғашқылардың бірі болып дауыс беремін», - дейді театр және кино режиссері, Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов. «Депутаттар – заң шығарушы биліктегі халықтың өкілі. Сондықтан саяси науқанда белсенділік танытып, ел ертеңіне үлес қосайық», - дейді өнер қайраткері.
Талғат Теменов, режиссер, Қазақстанның халық әртісі:
- Мен болашақ үшін, ертеңіміз үшін болашақ өскелең ұрпағымыз үшін өз даусымды кәсіби мамандарға бергім келеді. Бір күндігін ойламайтын, мың күндігін ойлайтын азаматтар керек. Осы тұрғыдан Жаңа Қазақстан үшін, ертеңіміз үшін мен сіздерді дауыс берсе екен деп тілеймін. Өйткені сіз бен біздің даусымыз ертеңгі болашағымызға байланысты.