Нұрлан Әбдіров шетелдік байқаушылармен кездесті
Олардың арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы секілді ірі ұйымдар бар. Сондай-ақ Түркия, Молдова, Моңғолия және Әзербайжан елдерінің Орталық сайлау комиссия төрағаларымен де кездесулер өтті. Меймандар Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, биылғы сайлаудың ерекшелігін атап өтті. Айта кетейік, елімізге сырттан 800-ге жуық байқаушы келді.