Хабар телеарнасы

Елордада 416 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. LIVE

Оларға жалпы 790 мыңдай азамат электорат ретінде тіркелген. Дәл қазір Астанадағы сайлау учаскесінен Нұрлан Әбдікәрім тікелей байланысқа шығып тұр.

Нұрлан Әбдікәрім, тілші:
- Мен қазір 379 сайлау учаскесінде тұрмын. Мұнда 2500 мыңдай сайлаушы тіркелген. Олардың арасында мен де бармын. Осы тікелей эфирді пайдаланып дауыс беруді жөн көріп отырмын. Таңдауымды жасадым. Тек бюлетеньді жәшікке салу ғана қалды. 
Азаматтық міндет орындалды. Жалпы мұнда таңнан бері 250-ге жуық адам дауыс беріп үлгерген. 
Сондай-ақ мұнда байқаушылар да бар. Партиялардың және тәуелсіз байқаушылар сайлаудың әділ өтуін, ереженің бұзылмауын қадағалауда. Қазіргі уақытқа дейін ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ.