Президент ҚР Ақпараттық доктринасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
Доктрина ақпараттық-коммуникациялық салада мемлекеттік саясатты қалыптастыруда және қоғамдық қатынастарды дамытуда негізгі құжат болады. Үкімет үш ай мерзімде оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дерегіне сай, доктринаны іске асыру жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік тетігін жетілдіруге, стратегиялық коммуникациялардың тиімді жүйесін құруға және қазақ мәдениетінің жан-жақты дамуы мен Қазақстандағы азаматтық бірегейлікті нығайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.