Сайлау 2023: жастарға жол беру керек
Мәжіліс пен мәслихаттан жастарға көп орын берілуі тиіс. Осындай ұстаныммен «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогының өкілдері есеп беру мәслихатын өткізді. Осыдан бір ай бұрын құрылған топ 18 наурызға дейін 100-ден астам жас кандидатқа ақпараттық қолдау көрсеткен. Енді соларды саясат сахнасынан көргісі келеді. «Себебі жастар үшін 30% квота ғана емес, едәуір басымдық берілуі керек», — дейді блог мүшелері. Өйткені 30-40 жылдық тәжірибесі болмаса да, әрқайсысы - өз саласының маманы. Осылайша депутаттық корпус жасарып, Парламентке жаңа леп келеді деп сенеді.
Нұрсұлтан Құрман, «Жастар үні» блогының мүшесі:
-Биыл жастар өте көп болды. Мысалы, 35-ке дейін деген де жақсы әсер етті. Жастар өте белсенді, мықты. Біздің қолымыздан тек ақпараттық қолдау болды. Біздің белгілі бір бюджетіміз жоқ қой. Біз бір ғана көзқарастағы немесе бір ғана партиядан емес. Әртүрлі партиядан болды. Жеке мандат бойынша қатысқан да жастар біздің «Жастар үнімен» бірге осы блогқа мүше болды.