Астанада жобалық кеңсе құрылды
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Сенат төрағасы Президент тапсырмаларына сәйкес Палата жұмысының басым бағыттарына тоқталды. Заң шығару үдерісін барынша ашық және инклюзивті жүргізу керектігін алға тартты. Тиісінше бюро мүшелері жиында Сенаттың жобалау кеңсесі туралы ережесін бекітіп, құрамын да анықтады. Енді бұл орган бағдарламалар мен жобаларға бастамашылық жасап, заң шығару процесін цифрландырып, жобалық басқаруды қамтамасыз етеді. Сенат төрағасының айтуынша бұл жобалық кеңсе Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Мемлекет басшысы Парламент пен Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Соған байланысты біз біраз заңдарды алдағы уақытта Мәжіліспен бірге қабылдауымыз керек.