Қазақстандық компаниялар Иранға $60 млн өнімін экспорттауға келісім жасасты
Енді отандық тауар өндірушілер бұл елге тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал етін жеткізетін болады. Тиісті келісімге Қазақстан Премьер-министрінің Иранға жасаған ресми сапары аясында қол қойылды. Әлихан Смайлов сондай-ақ, Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесіп, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы шамамен 20% өсіп, 528 млн доллар болған. Әлихан Смайыловтың айтуынша, алдағы жылдары бұл көрсеткішті 3 млрд долларға жеткізуге болады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Қазақстан үшін Иран Ислам Республикасы маңызды сыртқы нарық болып табылады. Бізде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және тағы да басқа салаларда елеулі резервтер бар. Осы бағыттарды әрі қарай күшейту үшін біз еліміздің арнайы сауда өкілін тағайындаймыз. Қазақстан қазірдің өзінде Иранға жалпы құны 250 млн доллар болатын 75 тауар позициясы бойынша экспортты қосымша ұлғайтуға дайын.