Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту мәселесі қатаң бақылауда
Бұл ретте жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша жобалау құжаттарын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Премьер-Министр құзырлы мекемелерге осыны тапсырды. Үйлестіру штабының отырысында 2025 жылдың соңына дейін, халықты сапалы ауызсумен 100% қамтамасыз ету жоспарланып отырғаны айтылды. Премьер-Министр мамыр айының басындағы Үкімет отырысында ауызсу жобалары бойынша «аяқталмаған құрылыстар» туралы айтылғанын еске салды. Оларды аяқтаймыз дегенше қолданыстағы инфрақұрылымдар жарамсыз болып қалып жатыр. Осы орайда Әлихан Смайылов әрбір өңірге, әсіресе ең төмен көрсеткіштері бар облыстарға жұмысты жандандыруды тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- 154 ауылда су тазарту модульдерін орнату қажеттілігіне қарамастан Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл жұмыстарға қажетті қаражатты толық көлемде қарастырмаған. Соның салдарынан осы ауылдардың халқы биыл тағы да ауызсусыз қалайын деп отыр. Бұл мәселелердің барлығын кешенді түрде және жедел шешу керек.