Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Мемлекет басшысы дәл қазір өтіп жатқан 2-ші Еуразиялық экономикалық форумға қатысуда. Екі күнге созылатын жиын 7 тақырыптық бағытта өтеді. Олардың ең негізгілері: Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы кеден саласын жетілдіру, цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу, өзара алыс-беріс пен барыс-келісті оңайлату мәселелері. Сондай-ақ, Президент ертең Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңеске қатысады. Онда 5 елдің басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың бүгіні мен болашағын талқылайды.
Екінші Еуразиялық экономикалық форум 7 тақырыптық бағытта өтеді. Екі күнге созылатын жиын барысында 35 сессиялық кездесулер жоспарланған. Ал, одақ елдері басшыларының қатысуымен өтетін мәжіліс жаңа ғана басталды. Бес елдің Президенті өзара алыс-беріс пен барыс-келісті оңайлату, цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу, арадағы түрлі әкімшілік және басқа да кедергілерді жою мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ, еуразиялық экономикалық одақтың бүгіні мен болашағы жайлы сөз қозғайды. Ал, басты жиын ертең өтеді. Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес аясында Мемлекет басшылары маңызды құжаттарға қол қояды.