Хабар телеарнасы

Жалған ақпарат таратқан блогерлерге айыппұл салынбақ

Мәжіліс «Онлайн-платформалар мен жарнамалар» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оған сәйкес енді қасақана емес жалған ақпар таратып, көп зиян тигізбеген жағдайда, блогерлер 20 айлық есептік Көрсеткіш, яғни 69 мың теңге айыппұл төлейді. Ал жағдай қайталанса, бұл сомма екі еселенеді. Сондай-ақ кәсіпкерлік пен салық туралы кодекске «блогер» мен «инфлюенсер» ұғымдары енгізіледі. Яғни, блогерлер салық төлейді. Заң жобасында жарнамаға да жіті назар бөлінген. Жаңа тәртіпке сай, блогерлер демеуші контентін таңбалап, айқындауға міндеттеледі. 

Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Әрине әркім өзінің салған ақпаратына түптеп келгенде жауапкершілік таныту керек. Одан кейін мына жарнама мәселесіне де, иә? Табыс табу мәселесін де қозғап жатыр. Жарнама ол кәдімгі заңды тұрғыда көрсетілу керек ол, «жарнама» деп. Егер ол өзге тілде жазылса, міндетті түрде біздің ана тіліміз қазақ тілінде де жазылу керек деген өзіндік сондай міндеттемелері бар.

Мәжіліс «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады. Енді декларацияны тапсыру кезінде активтерін қайдан алғанын растай алмаған қазақстандықтар байлығын мемлекетке тапсыруы тиіс. Бұл ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүзеге асады. Сондай-ақ заң жобасы аясында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Арнайы уәкілетті орган мен комиссия құрылады. Заңды және жеке тұлғалардың жабық реестрі жасалып, мемлекеттік қор жасақталады.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-2006 аталған заң жобасы ірі сыбайлас жемқорлыққа және республикалық, жергілікті деңгейдегі әкімшілік-билікпен біте қайнасқан олигополиялық топтарға қарсы пәрменді шаралар енгізетін болады. Активтерді қайтаруға бағытталған шаралар осы жеке тұлғалармен тығыз байланыста болған, заңсыз сыбайластық орнатқан есебі бір өзге тұлғаларға да қолданылады.