Смайылов Куба премьерімен кездесуде қысқа мерзімді визасыз режим мәселесін көтерді
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Куба премьері Мануэль Марреро Круспен кездесу барысында қысқа мерзімді визасыз режим мәселесін көтерді.«Келіссөздер Сочидегі Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңында өткен. Әлихан Смайылов бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымының өсу қарқыны жақсы», — деді. Келешекте бірлескен жобалар бойынша жұмыс істеуді жөн санайтынын жеткізді. Куба Премьер-Министрі өз кезегінде металлургия, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы салаларында серіктестікті нығайтуға қызығушылық танытты. Қазақстан мен Кубаның фармацевтика және биотехнология салаларында ынтымақтастықты дамыту үшін әлеуеті зор. Бұл бағытта екі елдің компаниялары арасында өзара іс-қимыл жолға қойылды.