Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі лауазымынан босатылды
Президент Жарлығымен Марат Тәжин Қазақстанның Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Ал оның орнына Бақыт Дүйсенбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Кореядағы елші қызметін атқарған. Ал Корей еліндегі елшіміз енді Нұрғали Арыстанов болады. Сонымен қатар Ақылбек Камалдинов Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалды. Ал Сингапурдағы Төтенше және Өкілетті Елші Асқар Құттықадам Қазақстанның Аустралия Одағындағы Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқаратын болды.