Мәжілісмендер қазандық құрылысымен танысты
Мәжіліс депутаттары Астанадағы жаңада салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты. Олардың қатарында «Оңтүстік-Шығыс» қазандығы да бар. Ол елордадағы жылу тапшылығы мәселесін шешуге арналған. Кешен толықтай газбен жұмыс жасайды. Бүгінде негізгі ғимара тұрғызылып, қазір қазандық пен құбырларды дәнекерлеу жүргізіліп жатыр. Мердігер: «Барлық жұмыс кестеге сай орындалуда»,— дейді. Жоспар бойынша қазан айында іске қосылады. Жоба құны 28 миллиард теңге. Қуаты 4 миллион шаршы метр ауданды жылытуға жетеді. Бұл энергия жаңа теміржол вокзалынан бастап, Ұлы Дала даңғылы, «Тельман» елді мекені, ЭКСПО қалашығы аумағын қамтуға жеткілікті.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Ешқандай қиыншылық та, тапшылық та бұл жерде жылумен болмайын деп тұр. Іске қосылса осы қазандықтардың бәрі «Оңтүстык шығыс». Одан басқа мына «Тұран» бар дәл осындай. Қуаты деген бұдан да жоғары 600.