«Байтақ» жасылдар партиясы: Елімізде су ресурстарын басқару агенттігін құру қажет
Елімізде су ресурстарын басқару агенттігін құру қажет. Байтақ партиясының өкілдері ауызсу мәселесіне арналған дөңгелек үстелде осындай ұсыныс білдірді. Айтуларынша, судың 80% шетелден келеді. Салдары сол, жеткізу сәл іркілсе, тапшылық туындайды. Қазірдің өзінде Жамбыл облысындағы шаруалар су жетіспейді деп шағымдануда. «Бұл геосаяси мәселе болғандықтан тікелей Мемлекет басшысының басқаруында ұстау маңызды, сондықтан комитет емес, агенттік қажет», — дейді жасылдар партиясы. Сондай-ақ жиында су мамандарының жетіспеушілігі де сөз болды.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
-Су саласының мамандары жоқ. Бүгінгі күні гидротехниктар және су дипломаттары жоқ. Міне осы салаларды дайындайтын білім беру институтын құрайық деп отырмыз. Ол институт Түркістанда болса, өйткені Орта Азия елдерімен жақын болу керек.