Конституциялық реформа әділетті қоғамды басымдық санайды
Былтыр елде ауқымды Конституциялық реформа өтті. 30 астам ұлттық заңнамаға, оның ішінде 10 жуық конституциялық, салалық заңдарға өзгерістер енді. Жаңа нормалардың барлығы қаңтар айынан бастап өз ретімен іске асырылып жатыр. Алайда 6 ай қомақты жұмысқа баға беруге жеткіліксіз уақыт. Конституция күні қарсаңында саяси өзгерістердің орындалуы жайындағы дөңгелек үстелге қатысушылар осындай пікір айтты. Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Сәрпеков Конституциялық соттың жұмысы көпшіліктің назарында екеніне тоқталды. Конституциялық сотқа бүгінге дейін азаматтардан 3,5 мыңға жуық өтініш түсіп, 10 астам нормативтік қаулы қабылданды.
Рамазан Сәрпеков, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры:
- Көптің назарында тұрған жұмыс бұл Конституциялық соттың мәселесі ғой. Конституциялық сот халықтың мүддесін, мақсат-мұқтажын ақтай ма деген сеніммен құрылған дүние ғой. Әрбір Қазақстанның азаматы Конституциялық сотқа менің мына жерде мүддем бұзылды. Менің бостандығыма, кепілдігіме нұқсан болды дейтін болса, сол бойынша жүгінуге құзыры бар. Әділетті қоғамды құрамыз дейтін болсақ, бізді қорғайтын да, қолдайтын да, бізді алға қарай алып жүретін де – Заң болу керек.