Премьер-министр мектептердегі қамтамасыз ету шараларымен танысты
Сондай-ақ Премьер-министр Ішкі істер министрлігінде болып, қылмыстың алдын алу мен полиция жұмысын цифрландыру барысымен және жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамту шараларымен танысты. Мектептерде орнатылған бейнекамера жазбалары мен дабыл сигналдарын жедел басқару орталықтарына шығару барысы көрсетілді. Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600 білім беру ошағында қойылған. Мұндай жұмыстар қылмыстық-атқару жүйелерінің мекемелерінде де жүргізілуде.
Атап айтсақ 52 колонияда 22 мың бейнекамера бар. Әлихан Смайылов интернет-алаяқтыққа қарсы CyberPol жобасымен де танысты. Полиция байланыс операторларымен бірлесіп, жалған нөмірлерден келетін қоңырауларға техникалық тосқауыл орнатады. Нәтижесінде, бүгінде алаяқтардың 36,5 млн қоңырауына тосқауыл қойылды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Ішкі істер министрлігі мына цифрлық технологияларға дұрыс, жақсы үлкен көңіл бөліп отыр. Бұл өте қуантарлық жағдай. Үкімет өз тарпынан бұндай жұмысты әрқашан кеңінен қолдайды. Сондықтан бұндай инициативаларды біз барынша қаржыландыруға тырысып отырмыз. Жылдан-жылға бұл жұмысты әрі қарай ұлғайту керек.
Ішкі істер органдары жұмысында сандық технологияларды қолданудың тиімділігі сол, бейнебақылау камералары арқылы 6 мың қылмыс ашылған. 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.