Женевадағы БҰҰ елімізді Конституция күнімен құттықтады
Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлім басшылығы елімізді Конституция күнімен құттықтады. Еуропалық кеңсенің бас директоры Қазақстанда экономикалық, демократиялық пен саяси реформалар қарқынды өтіп жатқанын атап, қазақ халқына табыс тіледі.
Татьяна Валовая, БҰҰ Женевадағы бөлімінің бас директоры:
- Қазақстанның саяси жүйесін демократияландыру және елінің экономикалық пен әлеуметтік дамуына бағытталған еңбегін үнемі қолдап келеміз. Қазақстан – мен жиі баратын мемлекеттердің бірі. Елдеріңізді жақсы көремін. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, бүкіл қазақстандықтарды осы ұлық мейраммен құттықтап, елдеріңізге табыс пен гүлденуін тілеймін!