Хабар телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Президент нақты міндеттер қойды

Сенат Президент Жолдауы мен ұсынылған реформалардың іске асырылуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы Парламенттің жоғарғы палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Ол Жолдауда нақты міндеттер қойылғанын айта келе, бірлескен күш-жігердің арқасында Мемлекет басшысының барлық бастамалары іске асырылатынына сенім білдірді. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: 
- Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйелі механизмдері көрсетілді. Бәріне бірдей ашық салық саясатын қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды. Инвестиция тартуға қолайлы бизнес климат қалыптастыруға үлкен мән берілді. Ауқымды инфрақұрылымдық серпіліс жасау арқылы өңірлердің де дамуына жаңа тыныс беру көзделіп отыр. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді барлығымыз бірге нәтижелі іске асыруымыз қажет. 


Жолдауда экономиканы трансформациялау, азаматтардың тұрмысын жақсарту бойынша ауқымды міндеттер қойылды. Сондықтан Парламент жаңа Салық және Бюджет кодекстерін қабылдауға кіріспек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында палата Төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Жаңа кодекс кәсіпкерлікітің дамуын ынталандырып, бизнес-процестердің бәрін түсінікті және ашық етеді. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы: 
- Президент осы сессияға арналған Заң шығару жұмысының басым бағыттарын айқындап берді. Біз жаңа салық бюджет кодекстерін қабылдаймыз. Сонымен қатар цифрландыруды жетілдіруге, ғылым мен технологияны дамытуға заңнамалық тұрғыдан тың серпін беру қажет. Бұдан бөлек монополияға қарсы күрестің тиімділігін артту үшін қолданыстағы заңға да өзгерістер енгіземіз. Біздің мақсатымыз – Жолдауда айтылған міндеттердің заңнамалық деңгейде сапалы әрі жедел орындалуын қамтамасыз ету