Мәулен Әшімбаев шетелдік судьялармен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев шетелдік судьялармен кездесті. Олар еліміздегі конституциялық сот қызметін жетілдіру бойынша кеше өткен халықаралық конференцияға арнайы шақыртылған. Сенат Төрағасы меймандарға шараға қатысып тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс білдірді. Тараптар түрлі елдердің конституциялық сот төрелігі саласындағы негізгі бағыттар мен басымдықтарын талқылады. Еліміздегі саяси реформалар да сөз болды.