Президент Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
19 қазан — Қазақстан Республикасы құтқарушыларының күні. Айтулы күнге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!
Еске сала кетсем, осыдан 28 жыл бұрын, 1995 жылы 19 қазанда елімізде Төтенше жағдайлар мемлекеттік комитеті құрылды. Қазір халықты төтенше жағдайлардан, түрлі сипаттағы апаттардан, өрттерден және табиғи апаттардан қорғау үшін елде Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істейді. Оның 100-ден астам ведомстволық бағынысты ұйымы бар. Құтқарушылардың жалпы саны 28 мыңнан асады. Күн сайын құтқару қызметінің мамандарына шамамен 200-ге жуық шақырту түседі екен.