Сенатта «Парламенттік жұмыстағы цифрландыру» семинары өтті
Парламент көштен қалып барады. Бұл — оның қызметін цифрландыруға қатысты. Заң шығарушы органның осы бағыттағы жұмысын жетілдіру үшін Сенатта арнайы семинар өтті. Егемендік алғалы 3 мың заң, 10 мыңнан аса заң актісі қабылданыпты. Осы құжаттар қорында қоғамның дамуына кедергі келтіретін кемшіліктер мен қарама-қайшылықтар анықталып жатады. Керек емес қайталаулар да бар. Жаңа жобаларды әзірлеу кезінде оны қайта саралап отыру көп уақытты және адам күшін қажет етеді. Енді бұл жұмыс жасанды интеллект көмегімен жасалмақ. Әлемдік деңгейде қарастырсақ, Грекия Парламенті мұндай тәсілді қолданысқа енгізген екен. Соны жүзеге асырған мамандар семинарда өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ләззат Сүлеймен, Парламентаризм институты директорының орынбасары:
- Жасанды интеллектіні пайдалану — әлемдегі тақырып бойынша деректердің барлығын жинап, оның оңтайлы дүниесін шығарып депутаттарға ұсыну халыққа керектісін. Бұл делегат үш күн болады. Бүгін Парламентте түстен кейін цифрландыру министрлігінде үлкен кездесу болады.