Биыл Парламент 92 заң қабылдады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жалпы отырыс барысында палатаның осы жылғы жұмыс нәтижелерін атап өтті. Заңдарды талқылап қабылдаудан бөлек Сенат қабырғасында 2 Парламенттік тыңдау, 6 Үкімет сағаты, 80-нен астам дөңгелек үстел мен көшпелі отырыстар өткізіліпті. Маңызды мәселелер бойынша Үкіметке 180-ге жуық депутаттық сауал жолданған. Оған қоса депутаттық топтар мен парламенттік комиссиялар құрылып қоғамдық алаңдатқан сұрақтар бойынша жұмыс істеген.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Қабылданған заңдар еліміздің саяси және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде. Палатаның халықаралық қызметі де ауқымды шаралармен ерекшеленді. Жыл аяқталғанмен депутаттық қызметіміз жалғас бермек. Ертеңнен бастап сіздердің өңірлерге сапарларыңыз басталады.