Президенттік институт – саяси тұрақтылықтың факторы
Президенттік институт – саяси тұрақтылықтың факторы. 34 жыл бұрын құрылған институттың негізгі мақсаты өзгермесе де, қазіргі бағыты басқа. Мәселен, Мемлекет басшысы супер президенттік басқару ұғымын жойып, мықты Парламенті бар президенттік басқару жүйесіне көшті. Бүгін елордада жиналған сарапшылардың айтуынша, қазір Үкіметтен бастап, жергілікті билік өкілдері түрлі жағдайларға байланысты өздері шешім қабылдай алады. Дербес шешім қабылдағандардың жауапкершілігі де арта түспек. Парламент тікелей заң қабылдаса, ал Үкіметте төтенше жағдайлар кезінде, заң шығару өкілеттілігі бар. «Бұл — биліктің көкжиегін кеңейтіп, бір жерге шоғырлануын азайтады»,— дейді Берік Бекжанов.
Берік Бекжанов, Парламентаризм институты директорының орынбасары:
-Демократиялы емес қоғамдарда, яғни билікті бір адамның қолында ұстаған тиімді. Францияда, Түркияда президенттік басқару жүйесі қолға алынған. Сондықтан да бұл әлемдегі тиімді жүйелердің бірі. Ал енді бізде президенттік парламенттік басқару жүйесіне ақырындап қадам басып келе жатырмыз. Яғни жалпы өкілеттілік бір ғана адамның айналасына шоғырландырып қоймай, басқа биліктің жүйесіне беру.