Хабар телеарнасы

Скляр: Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсімін биыл 6% жеткізуді көздеп отыр

Бүгінде экономикадағы өңдеу секторының үлесі мен тау-кен металлургия кешенінің көлемі 12%-ке артқан. Дегенмен Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсімін биыл 6%-ке жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау тақырыбына арналған сұхбатында біраз мәселенің басы ашылды. Мәселен, кәсіпорындар өндіріске қайта инвестиция салып, өнім көлемін ұлғайтуы тиіс. Сондай-ақ жергілікті қамту үлесін ұлғайтып, қаржы тарту ісін жалғастыру қажет.