+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» футзалдан БАҚ лига жарысының 7 дүркін жеңімпазы атанды

  • Категория: Спорт
«Хабар» футзалдан БАҚ лига жарысының 7 дүркін жеңімпазы атанды

Осымен VII маусымы ұйымдастырылған БАҚ қызметкерлерінің футзал бәсекесі мәресіне жетті.

БАҚ лига жайында аз-кем айтатын болсақ, Жарыс «А» және «Б» лигаларына бөлінген. Яғни жоғары және төменгі лига деп айтсақ болады. Әр лигада 8 командадан, барлығы 16 ұжым бақ сынады.

3 айға созылған жарыста «Хабар» командасы 14 ойын өткізіп, онда 38 ұпай жинады. 12 ойында жеңіп, тағы екі ойында тең түсті. Онда 97 гол соғып, өз қақпамызға 36 гол жібердік. Доп айырмашылығы 65 гол. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Мәселен, екінші орынға ие болған «Қазақ радиолары» командасы «Хабар» ұжымынан 15 гол аз соққан.

Ал финал өте тартысты өтті. 6 гол соғылған ойында хабарлықтар керекті нәтижеге қол жеткізіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұл еліміздегі басты арна қызметкерлерінің VII маусымдағы 7-ші чемпиондығы.

Әлішер Келгенбай, режиссер:

- «Хабар» тек қана команда емес, бұл – үлкен отбасы. Біз бауырмашылықты көрсететін, рухты көтеретін ойын көрсеттік деп ойлаймын. Біздің командадағы кез келген ойыншы осы чемпиондық мәртебеге лайық.

Нұрсұлтан Құрман, тележүргізуші:

- Біз бәрін ұмыттық. Жанұяны ұмыттық, өзге жұмыстарды, басқа да мәселелердің барлығын ұмыттық.

Әзиз Жұмаділ, БАҚ лига жетекшісі:

- VII маусым аяқталды. Барша жеңімпаздарды құттықтаймын! Әдеттегідей чемпиондықты биыл «Хабар» алды. Сондай-ақ оларға жаңа қарсылас пайда болды. Ол – «Қазақ радиолары». Маусым өте сәтті болды деп ойлаймын.

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары