Хабар телеарнасы

Қарағандылық бес жасар бала рекорд жаңартты

Оның бұл спорт түрімен айналысқанына небәрі бір жыл болған. Келешекте ол межені 4 500-ге жеткізіп, Гиннестің рекордтар кітабына енуді көздейді. Қазір әкесінің баптауымен шынығып жүр. Бұдан бөлек Нәдір күнделікті білтемірге тартылып, бір аяқпен түрлі жаттығулар жасайды. Ата-анасы балаларының болашақта үлкен жетістікке жететініне сенімді. Қазір оның дұрыс тамақтануын да қадағалап, қолғабыс жасауда.

Надир Дайрабаев, жас чемпион:

- Менің арманым – келешекте Геннадий Головкин сияқты Қазақстанның атын әлемге паш ету. Ол үшін көп жаттығу керек екенін білемін. Мақсатыма жету үшін тынымсыз еңбектенуге дайынмын.