Мәнерлеп сырғанаудан ел кубогі сарапқа салынып жатыр
Биылғы бәсеке Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып отыр. «Almaty Arena» спорт комплексіндегі сайыс карантин жағдайына байланысты көрерменсіз өтіп жатыр. Мәнерлеп сырғанаушылар қысқы және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. Балалар, жасөспірімдер және ересектер болып үш топқа бөлінген спортшылар командалық есеп бойынша үздіктерді анықтауда. Үш күндік жарысқа еліміздің тоғыз облысынан 76 спортшы қатысуда. Кубок иегерлері ертең белгілі болады.
Юрий Гуськов, жарыстың бас төрешісі:
- Мәнерлеп сырғанаушылар жекелей өнер көрсету арқылы тобына ұпай жинайды. Үш күндік сайыста үздік өнер көрсеткен үш команда арнайы кубокпен марапатталады. Мәнерлеп сырғанаушы балалар да өз бағын сынап жатыр.