Петропавлда волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Ұлттық лиганың соңғы 4-турына Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы сынды бірнеше қаладан барлығы сегіз топ қатысып, бақ сынауда. Жарыс осыдан төрт күн бұрын басталды. Оның қорытындысы бойынша бір және екінші орындарға Өскеменнің «Алтайы» мен Алматы облысының «Жетісу» құрамасы таласады. Ал үздік үштік үшін СҚО-ның «Қуанышы» «Алматы» құрамасымен кездеспек. Наурыз айында плей-офф ойындары өтеді. Дода ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.
Жақып Биданов, жарыстың бас төрешісі:
- Бұл жерде үш жас команда ойнап жатыр. Азия чемпионатына Қазақстан құрамасына шақыру үшін осы жастардың ішінен іріктеп шығатын қыздар болатын шығар.